USD
USD
USD

Қостанай полициясы көпірден секірмек болған әйелді құтқарған азаматты іздеп жатыр

10 желтоқсанда сағат 14:10-да 102 пультіне көпірден секірейін деп тұрған әйел туралы хабарлама түсті. Бұл ақпаратты сол маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі жеткізді.

Қостанай полициясы көпірден секірмек болған әйелді құтқарған азаматты іздеп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Тезірек келіңіздер, мен оны құтқаруға тырысамын", - деген ер адам.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.

"Біз келген кезде ер адам әйелдің қолынан ұстап тұрды. Оны көпір үстіне шығаруға тырысып жатты", - деді полиция қызметкері Жалғас Шонов.

Полицейлер әйелді шығарып, оны полиция көлігіне отырғызуға көмектесті. 

"Оның жағдайы онша емес болды, тіпті аты мен тегін де атай алмады. Бізге оны шұғыл түрде полиция бөлімшесіне жеткізуге тура келді. Абыр-сабыр кезде оқиға орнында бірінші табылған жүргізуші полицейлердің әйелге алғашқы медициналық көмек көрсеткеніне көз жеткізіп, кетіп қалған. Қиын жағдайдағы батыл әрекеті мен көмегін атап өту үшін біз ержүрек қостанайлықтан хабар күтеміз", - деді Дулат Арманов.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.