USD
USD
USD

Қостанай облысының Білім басқармасына қарасты мекеме басшысы тергеліп жатыр

Қостанай облысының әкімдігі Білім басқармасына қарасты коммуналдық мекеме басшысы пара алу күдігіне ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының Білім басқармасына қарасты мекеме басшысы тергеліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз орталығынан мәлім еткендей, «Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мекеме басшысы құны 158 млн теңге болатын мемлекеттік сатып алуды жеделдету үшін қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғасына 9 млн теңге аударған.

«Тергеу жалғасуда», - делінген ведомство ақпаратында. Күдіктіге қатысты оның кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі