USD
USD
USD

Қостанай облысындағы Жаңақала ауылының атауы өзгеруі мүмкін

Қостанай облысындағы Жаңақала ауылының атауы өзгеруі мүмкін.

Қостанай облысындағы Жаңақала ауылының атауы өзгеруі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елді мекенге жаңа атау беру туралы бастама Ашық НҚА порталында жарияланған облыс әкімдігі мен жергілікті маслихаттың бірлескен шешімінде көтерілген.

«Қостанай облысы Арқалық қаласының Жаңақала ауылы Әбдіғаппар хан ауылы болып аталсын. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген бірлескен шешім-жобасында.

Мәлім болғандай, ауылдың атауын өзгерту жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлінбейді.

Құжат 30 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін әкімдік пен маслихат тарапынан тиісті лауазымды тұлғалар қол қойған соң, 10 күн өтіп күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG