USD
USD
USD

Қостанай облысындағы өрт 43 мың гектардан астам аумақты шарпыған

 Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Қостанай облысындағы өрт 43 мың гектардан астам аумақты шарпыған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Таңертең мамандар әуеден бақылау жүргізіп, тілсіз жау келтірген зардаптың ауқымын айқындаған. Қазір өртті сөндіруге 91 техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылған. Қосымша күш ретінде Қостанай өңіріне Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларынан құтқарушылар жіберілген. Су 25 шақырымдағы табиғи су қоймасынан алынуда. Қазір республикалық маңызы бар р-36 автожолындағы және темір жол қозғалысы толық жанданды. Ал синоптиктердің болжауынша бүгін Қостанай облысының Әулиекөл ауданында ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріліп, желдің жылдамдығы секундына 9 метрге дейін сақталады. От 43 мың гектардан астам аумақты шарпыған.  Айта кету керек, өрт салдарынан Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное және Озерное елді мекендеріне қауіп төнген. Сондықтан, осы ауылдардағы халық түгелдей қауіпсіз аймаққа көшірілді. Барлығы 1 мың 841 адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта жағдайды бағалау үшін әуеден барлау жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша мамандар мен қажетті құралдар орман алқабындағы өрт ошақтарын сөндіруге және елді мекендерді қорғауға бағытталатын болады.

Ерлан Құтпанбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі комитеті басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта ашық және жоғарғы өрттер жоқ. 8 өрт ошағы айқындалды. Сол жерлерде жұмыс жасау жүргізіліп жатыр. Қазір қосымша күштер келіп жатыр. Қорғаныс министрлігінен, ТЖ министрлігінен. Қазіргі уақытта келген күшті осы 8 ошаққа қою жұмыстары жүргізілуде.    

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті