USD
USD
USD

Қостанай облысында жол апатынан ұстаздар отбасы қаза тапты

Қостанай облсы Әулиекөл ауданында жас ұстаздар отбасы жол көлік апатынан қаза тапты. Оқиға орнында олардың сәбилері ғана аман қалған, деп хабарлады Stan.kz

Қостанай облысында жол апатынан ұстаздар отбасы қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бейресми мәліметтер бойынша, Әулиекөл ауылынан жас жұбайлар анасы мен бір жасар баласымен бірге Амангелді ауданына Chevrolet Cobalt көлігімен құдалыққа жолға шыққан.

Ақсай бұрынғы Бұйректал ауылының маңындағы тас жолда жеңіл және ауыр жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 27 жастағы жүргізуші оның әйелі және анасы қаза тапты. Сәбиі ғана аман қалды.

"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полицейлер.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев