USD
USD
USD

Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды дельтапланмен іздестіріп жатыр

7 тамыз таңертең жоғалып кеткен бес жасар Мәдина Ерланқызын кешкі уақытта іздестіру үшін дельтаплан жұмылдырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды дельтапланмен іздестіріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дельтапланды қостанайлық компаниялардың бірінің басшысы Сергей Хоменко қамтамасыз етті. Оның компаниясы облыстағы авиациялық-химиялық жұмыстармен айналысады.

"Маған Қостанай облысында жоғалған баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатқаны туралы хабарланған бойда өз көмегімді ұсынғым келді. Дельтаплан жоғалғант адамды іздестіру жұмыстарында тиімді", - дейді Сергей.

Ведомствоның мәліметінше, із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуде дельтапландардың бірнеше рет пайдасы болған.

Мадина 1000 гектардан аса аумақта іздестіріліп жатыр.

"Іздеу жұмыстары егістік алқаптары арқылы және Тобыл өзенінің арнасы бойымен жүзеге асырылып жатыр. 500-ден аса азамат еріктілер қатарына қосылды. Іздеу жұмыстарына кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары көмек көрсетті", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж