USD
USD
USD

Қостанай облысында шетелдік азаматтан құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйізі тәркіленді

Қостанай облысында шетелдіктен құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында шетелдік азаматтан құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйізі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 22 желтоқсанда "Ақбөкен" жедел алдын алу шарасы шеңберінде, Екатеринбург – Алматы республикалық автожолында Қостанай қаласынан шыға берісте, Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты.

Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштан 29 жастағы жолаушыға, көрші шетел азаматына тиесілі үш жол сөмкесі табылды.

– Сөмкелерде ақбөкен мүйізі түріндегі 916 дериват, 7,5 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат болды. Болжам бойынша, құқық бұзушы мемлекетке шамамен 2 миллиард теңге шығын келтірген, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байгонов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды және ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде қамауда отыр. Осы дерек бойынша полиция ҚР ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігі (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына заңсыз қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар