USD
USD
USD

Қостанай облысында питбуль 3 жасар қыздың бетін талап тастады

Қостанай облысында ит талаған баланың ерні мен беті жыртылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында питбуль 3 жасар қыздың бетін талап тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр халде түскен.

Оқиға 6 мамыр күні Тобыл қаласында болған. Питбуль 3 жасар қыздың бетін талап тастады.

«Қыз ауыр халде жеткізілді. Қатты шошынған. Ерні, беті жыртылған. Шұғыл операция жасалды. Ерні мен беті тігілді. Бала бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі жағдайы бірқалыпты. Бала белсенді, жүгіріп жүр, тамақтанады. Тігістерді қадағап отырмыз. Қабыну жоқ. Әдетте ит талағаннан кейін мұндай жаралар іріңдейді, әсіресе бет, бұл өте қауіпті. Инфекция миға түседі. Бұл жолы қызда бәрі жақсы. Температура жоқ. Бірнеше күннен кейін тігістерді аламыз. Ауруханадан шығатын да болар», - деді И.Белобржицкий.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі