USD
USD
USD

Қостанай облысында өрт қаупі сейілді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт сөндірушілер мен Қорғаныс министрлігінің жеке құрамымен кездесіп, барлығына көрсеткен ерлігі, қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды "Хабар-24".

Қостанай облысында өрт қаупі сейілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қостанай облысында бірнеше күн жалындаған өрттен енді елді мекендерге қауіп жоқ. Кеше жауған жаңбыр да өрт ошақтарын сөндіруге сеп болды. Қазір Озерное мен Аманқарағай ауылдарында жекелеген бықсу орындары байқалады. Құтқарушылар төрт учаскеде қарауылдау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Кеше өрт сөндірушілер Бағаналы ауылын  аман алып қалу үшін күні бойы барын салды. Орманды айнала жер жырту жұмыстарын жүргізді. Министр құтқарушы күштердің бір бөлігі өрт толық сөндірілгенге дейін өңірде қалатынын айтты.

- Қорғаныс министрлігінің көмегі аса маңызды. Бөлімшелеріміздің бірлескен қимылы жоғары деңгейде болып, қажет кезде кез-келген табиғи және техногендік төтенше жағдайды еңсеруіміз қажет. Ең бастысы өрттің таралу қаупі сейілді, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті