USD
USD
USD

Қостанай облысында көлік пен жылқы соқтығысып, екі адам қаза тапты

Полицейлер "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолында болған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қостанай облысында көлік пен жылқы соқтығысып, екі адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Қостанай, NEGE. "Түнгі сағат бір шамасында "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолының 134-ші шақырымында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам әртүрлі дәрежеде дене жарақатын алды. Шетелдік көлік жүргізушісі жылқыны соқты. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады полициядан.

Жылқының иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзу кодексінің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары күре жолда жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

"Жүргізушілерге тағы да үндеу жолдаймыз: жолда абайлап жүріп, қырағы болыңыз, жол ережесін сақтаңыз, адамдардың өмірі соған байланысты", - деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде облыстың тасжолдарында патрульдеу күшейтілді.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу