USD
USD
USD

Қостанай облысында қант сатып алуға 850 млн теңге бөлінеді

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік маңызды тауарлар, оның ішінде қанттың бағасын тұрақтандыру мәселесі бойынша жиналыс өткізді. Бұл туралы өңір басшысы өзінің Instagram аккаунтында мәлім етті

Қостанай облысында қант сатып алуға 850 млн теңге бөлінеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыс әкімінің ақпаратына сай, бүгінгі күні азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорында қант бар, ол сауда желілері арқылы сатылымға шығарылады.

«Аталған сауда желілері қантты шектеулі мөлшерде ғана сатып отыратын болады, бұл тауардың облыстан шығарылуын болдырмайды. Сонымен қатар «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы жақын арада қант сатып алынады. Қосымша басқа елдерден қант кіргізу қарастырылып жатыр. Одан бөлек, қант сатып алу үшін 850 миллион теңге көлемінде қаражат бөлуге тапсырма бердім», - деді А. Мұхамбетов.

Оның айтуынша, бұл бағытта өңірде бірқатар шара қабылданып жатыр. Сонымен қатар қалалар мен аудандардың әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жасап отыр.

Қазір оқып жатыр

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов

Алматы метросында колледж студентінен оқ-дәрі табылып, қылмыстық іс қозғалды

Оқ