USD
USD
USD

Қостанай облысында элеватордан өрт шықты

Қостанай облысында элеватордан өрт шықты, деп хабарлады «Алау».

Қостанай облысында элеватордан өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «26 шілдеде сағат 5.54-те Б.Майлин ауданының Тобол ауылында Элеваторная көшесіндегі «Тобол элеваторы» ЖШС аумағында астық қалдықтары қоймасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Қызыл жалынмен күресуге ТЖД бөлімшелері, элеватордың мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі және «ҚТЖ» ҰК АҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Барлығы 23 адам, бес бірлік техника тартылды. Өрт 7.30-да ауыздықталып, 14.34-те сөндірілді», - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Тілсіз жау 2,4 мың шаршы метр алаңды құрайтын №25, 26 қоймаларды түгелімен жойған, сонымен қатар кептіру-тиеуге арналған ғимараттың жары мен 40 ш.м. тасымалдаушы лента, 1 040 тонна зығыр жанып кеткен.

«Жалпы өрт шарпыған алаң 2440 ш.м. құрады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің болжалды себебі - №25 қоймадағы қысқа тұйықталу», - деп нақтылады ТЖД.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қостанай облысы ТЖД зерттеу сынау өртке қарсы зертханасының мамандары жұмыс жасап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия