USD
USD
USD

Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты

Бұл туралы

Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Polisia.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. 17 желтоқсанда сағат 10.30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ автожолының 275-шақырымында жеңіл көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, апатқа ұшырады. Салдарынан ол қарсы бетке шығып кетіп, "ГАЗель"-мен соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін екі көлік өртеніп кетті.

Жеңіл автокөлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қаза болды. "Газель" жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық