USD
USD
USD

Қостанай облысында бөгет құрылысына бөлінген ақша ұрланды

Оқиға Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Шилі ауылында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қостанай облысында бөгет құрылысына бөлінген ақша ұрланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір экономикалық тергеу департаменті қылмыстық іс қозғады. «Хабар 24» арнасы осыған дейін екі жыл бұрын ғана күрделі жөндеуден өткен тоғанды су шайып кеткендігін айтқан болатын. Гидротехникалық нысанды салуға респубюликалық бюджеттен 200 миллион теңгеге жуық ақша бөлінген. Алайда осындай қомақты қаржыға салынған тоған тез-ақ сыр берді. Ағынға қарсы тұра алмады. Әр жерінен жырылып, су жайылып, ағып кетті.     

– Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алдын ала келтірілген шығын 33 миллионнан астам теңгені құрайды. Қылмыс ұйымдастырушыға қатысты сот үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, - деді экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі Көркем Бектасова.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия