USD
USD
USD

Қостанай облысында бір ауданды «жарып жібермек» болған жігіт ұсталды

Қостанайлық полицейлер аудан орталығына «бомба қойылғанын» хабарлаған 27 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында бір ауданды «жарып жібермек» болған жігіт ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақпараттық агенттік тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

2020 жылғы 20 шілде күні «112» нөміріне белгісіз біреу хабарласып, Алтынсарин ауданы орталығына жарылғыш зат қойылғанын, аудан түгелімен жарылып кететінін айтқан.

«Іс-қимыл алгоритміне сәйкес қосымша күш-құралдарды тарта отырып, арнайы жоспар жүргізілді. Жүргізілген іс - шаралар нәтижесінде Алтынсарин ауданы, Сатай селосының 27 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Ол мас күйінде осы ақпаратты қасақана хабарлаған» дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов