USD
USD
USD

Қостанай облысында әжесі мен немересі боранда жоғалып кетті

Қостанайда қарт әйел мен баланы іздеуге жергілікті құтқарушылар жұмылдырылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарланды.

Қостанай облысында әжесі мен немересі боранда жоғалып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 26 желтоқсан сағат 07.00 шамасында Степной елдімекенінде 58 жастағы әйел мен 11 жастағы қыз жолай өтіп бара жатқан көлікті «тоқтатып мінеміз» деп үйден шығып кеткен.

Содан бері қайда жүргені белгісіз. Олар Тобыл қаласын бетке алған еді.

«Іздеу-құтқару жұмысына еріктілер, полиция, әкімдік қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылған. Бұл іске 2 квадроцикл тартылды. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай