Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қайтыс болды

Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Жармағамбетов жол апатына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 8 желтоқсан күні «Қарасу – Үлкен Чураковка» тасжолында болған.

«28 жастағы ер адам басқарған «Ravon» автокөлігі рөлге ие бола алмай, жол жиегінен шығып кетті. Салдарынан 42 жастағы жолаушы Қарасу аудандық ауруханасында қаза болды. Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, «Ravon» көлігінің жүргізушісі ішімдік ішпеген», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Қарасу ауданы әкімдігінде мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасынан көз жұмған Талғат Жармағамбетов ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінде болған. Бұл лауазымды 2017 жылғы 18 қазаннан бастап атқарды.

Қазір оқып жатыр

«Алға, Қазақ елі!»: Дастан Сәтпаев алдағы маусымды «Бернли» сапында өткізеді

.

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық