USD
USD
USD

Қостанай облысында 81 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясына қатысты өңірдегі ахуалды баяндады.

Қостанай облысында 81 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясынан өлім-жітімнің 6 жағдайы тіркелді. Сырқаттанғандардың 56% профилактикалық зерттеулер жүргізу барысында ауруға шалдыққандармен қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Науқастардың дені медициналық мекемелерге өздері жүгінген кезде анықталған. Медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайлары алаңдатады. Қазіргі уақытта осындай 81 оқиға тіркелді. Оның ішінде 26 дәрігер, 55 орта және кіші буын медицина қызметкері бар.

Ондағы 7 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы іс-шараларға қатысқан»,- деп атап өтті облыс басшысы брифинг барысында. Өңірде коронавирус инфекциясының диагностикасы 5 зертхана базасында («Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының зертханалары, «Олимп» клиникалық-диагностикалық орталығы және Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті базасындағы зертхана) жүргізіледі. Жалпы мұнда тәулігіне 2000-ға жуық тест алынады. Осыған дейін зертханаларда барлығы 46 мыңға жуық зерттеу жүзеге асырылған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімгершілік келісімін құптайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

.

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

.

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп