USD
USD
USD

Қостанай облысында 291 адам карантинде жатыр

Қостанай облысында 16 адам карантинге жатқызылды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтты.

Қостанай облысында 291 адам карантинде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірде инфекцияға қарсы іс-қимыл үшін 1077 төсек-орын дайындалды. Бүгінде облыста 291 адам ауруханаға жатқызылып, дәрігер бақылауына алынды. Оның ішінде провизорлық стационарларда – 99, карантиндік стационарларда – 163, инфекциялық төсекте 29 адам бар. 16 наурыздан бастап 63 адам стационарлардан COVID-19-ға теріс нәтижеден кейін шығарылды. Тағы 113 адамды шығару жоспарлануда», - деді М.Жүндібаев.

Өңірде үй карантиніне 1 «б» санатындағы елдерден (Чехия, Португалия, Финляндия, Литва, Ұлыбритания, Түркия, АҚШ, ТМД елдері және республиканың қолайсыз өңірлерінен) келген 2124 адам орналастырылды. Емхана дәрігерлері оларды қоңырау шалу арқылы қадағалайды. Облыстың медициналық ұйымдарында денсаулық сақтау министрлігі ұсынған 105 дәрі-дәрмектің қоры бар. Ол 3 айға жетеді деп жоспарлануда. Медициналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жергілікті бюджеттен қосымша 2,1 млрд теңге бөлінді. Бұған медициналық жабдықтар, дезинфекциялық құралдар, қорғаныш комбинезондарын, маскалар сатып алынады.

Бұған дейін Қостанай облысында бір адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік. Кейін оның 23 наурыз күні «Шарм-эль-шейх - Алматы» рейсімен ұшып келгені белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей