USD
USD
USD

Қостанай облысы биыл 60 мың жеңіл көлік құрастырады

Қостанай облысы биыл 60 мың жеңіл көлік құрастырады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты.

Қостанай облысы биыл 60 мың жеңіл көлік құрастырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Облысымыздың экономикалық өсімінің драйвері саналатын сашина жасау саласына жеке тоқталмақпын. Есепті кезеңде 147 млрд 600 млн теңгенің өнімі шығарылып, өсім 34,8 пайызды құрады. Машина жасау саласының үлесі өңірдегі өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 38,5 пайызын құрайды. Дестелегіш өндірісі 2,1 есе, трактор өндірісі 2,5 есе артты. Комбайн құрастыру 2,4, жеңіл автомобиль құрастыру 43 пайызға ұлғайды», - деді облыс басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, өңірде 2021 жылдың наурызынан бастап «KIA» маркалы көліктер құрастырыла бастады. Қазірдің өзінде мұндай 3,2 мың жеңіл көлік құрастырылып отыр. Бұған қоса таяу уақытта Renault автомобильдерін құрастыру келісіміне қол қойылатын болады.

Ал «АвтоВАЗ» АҚ мен LADA көліктерін құрастыру келісімі рәсімделген. Биыл өңірде 8 мың LADA көлігін құрастыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта өндіріс көлемі жылына 2 мың бірлікке арттырыла отырып, жылдық өндіріс 24 мың автомобильге жететін болады.

«Жалпы есепті кезең ішінде «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС конвейнерінен 20 мыңға жуық көлік шығарылып, 1 672-сі экспортқа жөнелтілді. Биылғы жоспарда 60 мың көлік құрастыру бар. Оның шамамен 18 мыңы экспортқа шығарылатын болады», - деді Архимед Мұхамбетов.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

.

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

.

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

.

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар