USD
USD
USD

Қостанай облысы Әулиекөл ауданында төтенше жағдай жарияланды

Төтенше жағдайлар министрі бастаған топ тікұшақпен жағдайды жоғарыдан бақылап шықты.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өрт өршіп кетуі мүмкін 8 қауіпті ошақ анықталды. Осыған орай бүгін Әулиекөл ауданында  жергілікті денгейдегі төтенше жағдай жарияланды. 

Алапат өрттен әсіресе Аманқарағай кенті қатты зардап шекті. Бүл елді мекенде өткен тәулік ішінде 98 үй өртеніп, күлге айналды. Әсіресе ауылдың солтүстік бөлігіндегі бүтін көшелерді қызыл жалын жалмап, құр мұржалары қалған. Қазір арнайы құрылған облыстық комиссия шығын, зардап мөлшерін есептеп, тиісінше өтемақы тағайындамақ. Жағдайына қарай жаңа үй салып беру жағы да  қарастырылады деді облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ғауез Нұрмұхамбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Эвакуациялық пунктер орналасқан Әулиекөлдегі  үш мектеп қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Қиын жағдайға тап болған отбасы балаларының оқу сабағы үзілмейді. Оқулық, киім кешекпен  барынша қамтамасыз етеміз.

Айта кетейік, бүгін төтенше жағдайдар министрі бастаған топ тікұшақпен жағдайды жоғарыдан бақылап шыққан еді. Әлі де өрттің өршіп кетуі мүмкін сегіз қауіпті ошақты анықтапты. Осыған орай бүгін Әулиекөл ауданында жергілікті денгейдегі төтенше жағдай жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті