USD
USD
USD

Қостанай: 65 ауыл әкімінің 46-сы қайта сайланды

Қостанай облысында өткен ауыл әкімдерін сайлау қорытындысы жарияланды. Бұл туралы брифингіде Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко мәлім етті.

Қостанай: 65 ауыл әкімінің 46-сы қайта сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сайлау 168 елді мекен кіретін 65 сайлау округі бойынша өтті және дауыс беру178 сайлау учаскесінде өтті.

Сайлау өткізу кезеңінде учаскелік сайлау комиссияларының 881 мүшесі жұмыс істеді. Сайлау облыстың 168 елді мекенінде өткізілді. Дауыс беруді ұйымдастыру кезінде сайлау заңнамасының сақталуын саяси партияның 207, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың 279 өкілі бақылады.

«Сайлау учаскелеріне әкім лауазымына үміткерлердің 239 сенімді өкілі қатысты. Сайлаушылар тізіміне барлығы 46 799 адам кірді. Қатысу 84,4%. Барлығы 148 кандидат болды, оның 59-ын саяси партиялар ұсынды. 5 сайлау округінде кандидаттар тек өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға түсті.

Үміткерлердің ең көбі – Ұзынкөл ауданындағы Троебратский ауылында. Саяси партиялар ұсынған, NurOtan-нан сайланған кандидаттар – 52, «Адал» партиясынан – 2, «Ауыл» партиясынан – 2, «Ақжол» партиясынан– 2. Өзін-өзі ұсынған 88 әкімнің 7-і сайланды. Сайланған 65 әкімнің 56-сы мемлекеттік қызметші, оның ішінде 46 әкім өзінің сайлау округіне қайта сайланды. 3-уі – басқа ауылдық округтердің әкімдері, екеуі – коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 4-уі – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Бір әкім уақытша жұмыс істемеді.  Сайланған әкімдердің 8-і – әйел», – деді А. Малашко.

Сайланған әкімдердің мамандықтары бойынша басым бөлігі оқытушылар, экономис, заңгер, инженер, ауыл шаруашылығы қызметкерлері және басқалар. Орташа жас– 47,4. Ең жасы – 28-де, ең үлкені – 62 жаста. «Сайланған 59 әкім сайлау өткен ауылдық округте тұрады, 6 әкім басқа ауылдық округте, бірақ аудан аумағында тұрады. «Жалған дауыс берілді» деген шағымдар түскен жоқ», – деп қорытындылады А. Малашко.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт