2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қосшыда ер адам тойда билеп тұрған бишіні жұлқылап, есіктен шығарып жіберген

Биші Threads желісінде басынан өткен жайсыз жағдайдың видеосын жариялады.

Видеодан скриншот/threads/aisubellydancer
Фото: Видеодан скриншот/threads/aisubellydancer

Астана, NEGE. Бұл жайт Астана маңындағы Қосшы қаласындағы тойханалардың бірінде болған. Бейнежазбадан бір ер адамның той үстінде шығыс биін билеп тұрған бишіні жұлқылап, той залынан шығарып жібергенін көруге болады.

Биші би билеп жүрген 14 жылда мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырғанын жазады.

«Сенесіз бе? 14 жыл ішінде алғаш рет осындай сұмдық жағдай болды, енді сахнаға шығудан қорқып қалдым. Айтпақшы, назар салыңыз, бұл бөтен мас адам! Ол менің биімді озбырлықпен тоқтатты, оған қоса қастық жасады. Екі күн өтіп кетсе де, арыз жазғым келеді. Мұны жайына қалдыруға болмайды! Оқиға орнында болған тапсырыс берушілер мен асаба да әлгі маскүнемнің атын жасырып қалды», – дейді ол.

Бұған қоса биші жалғызбасты ана екенін, үш баласын бимен асырап отырғанын атап өткен.

Ақмола облысының полициясы бұл фактіні растады: арыз Қосшы қаласының полиция бөлімінде тіркелген. Полицейлердің мәлімдеуінше, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, ер адамның әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау