2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қосшы мен Қояндыда балаларға коронавирус жұққан ба?

Ақмола облысындағы Қоянды мен Қосшы кентіндегі балалалардан коронавирус анықталды, – деп хабарлады Жедел штаб.

Қосшы мен Қояндыда балаларға коронавирус жұққан ба?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вирусты жұқтырғандардың бірі – Ақкөл ауданының 1976 жылғы тұрғыны, ол өзіне дейін коронавирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған. 30 сәуір күні Ақкөл аудандық ауруханасының карантиндік стационарына жатқызылған.

Қалған екі адам Целиноград ауданында тіркелді. Олардың бірі 2010 жылғы қыз бала, Қосшы ауылынан, ол да вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Әкесі Нұр-Сұлтан қ. кәсіпорын қызметкері. Екіншісі Қоянды ауылынан – 2014 жылғы ұл бала. Үй карантинінде болған. Нұр-Сұлтан қ. аталған кәсіпорынмен байланысты.
Аталған азаматтармен байланыста болған адамдарды анықтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауру ошақтарын зарарсыздандыру жұмыстары қолға алынған. Облыс стационарларында 256 емделуші жатыр, олардың ішінде 17-сі провизорлық стационарда, 225-і карантиндік стационарда, 14-і жұқпалы аурулар стационарында. 718 адам үй карантині режимін сақтап отыр.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау