USD
USD
USD

Қосшы маңында ірі жол апаты болды

Қосшы маңында ірі жол апаты болды. 

Қосшы маңында ірі жол апаты болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Боран салдарынан елорда мен Қосшы қаласы аралығындағы жолда бірнеше автокөлік және автобус соқтығысты. 

Әлеуметтік желідегі тараған видеода 10-нан астам көлік Қосшы қаласы маңында соқтығысқаны көрініп тұр. Олардың арасында жолаушылар автобусы да бар.

Видео авторы боранға байланысты тұрғындарды жолға шықпауға кеңес беріп тұр. Елордалық полиция департаменті осындай жол-көлік оқиғасы болғанын растады. Оқиға орнына полиция наряды барған. Осы орайда көлік апатының себебі мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін боран салдарынан елорда аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Porsche-пен сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүрген астаналық 10 тәулікке қамалды

жылдамдықты асыру

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді

Президент кітабы

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқаратын болды

Шыңғыс Әрінов

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі