USD
USD
USD

Қосшы қаласының әкімі тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қосшы қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Қосшы қаласының әкімі тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Ақмола, NEGE. Ғайдар Қасенов Атбасар ауданының тумасы.

С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмәмдаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

2001 жылдан 2006 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметтерін атқарған.

2008-2015 жылдары «Қазтеміртранс»АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып еңбек етті.

Қазір оқып жатыр

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс