Референдум Референдум
USD
USD
USD

«КОСПАЕВ» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізген адам ұсталды

Бұрын хабарланғанбай, ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаев ҚК-тің 249 (рейдерлік) және 262-баптарымен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) жасаған қылмыстары үшін Қаржылық мониторинг агенттігімен халықаралық іздеу жарияланған.

 «КОСПАЕВ» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізген адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қолда бар мәліметтерге сәйкес көрсетілген тұлғалар Жамбыл облысының аумағында орналасқан мемлекеттік шекара арқылы елімізден шығып кеткен. 10.11.2022 жылы Қордай аудандық полиция бөлімімен ҚК-тің 394-бабы 2-бөлігімен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс тіркелген.

11.11.2022 жылы Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылған. Прокуратурамен жүргізілген үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген тұлғаларды, 06.08.2022 жылы Сортөбе ауылының маңында брод арқылы мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, құрықталды. 

Күдікті кінәсін толық мойындады, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жалғастырылуда және прокуратураның бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды

блогерлер

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары шетелге көбірек көшіп жатыр?

Саяхат

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Ұстау

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ерлан Қарин