USD
USD
USD

Қоспаев пен «Никольский» базары: Сот тағы бір үкім шығарды

Жалған деректер арқылы мүлікті сатуға әрекеттенгендер 6 жыл 6 айға сотталды. 

коспаев
Фото: ҚР ҚМА баспаөз қызметі

Астана, NEGE. Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласында Қоспаевтың басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс аясында сот тағы бір үкім шығарды.

Агенттік дерегіне сәйкес, соттың бұрынғы шешімімен Алматыдағы «Никольский» базары аумағында орналасқан «Nikolsky Investment» ЖШС-не тиесілі жер телімі мен мүлкіне тәркілеу мақсатында бұғат салынған. Алайда 2025 жылдың қыркүйек айында қылмыстық іске қатысы бар тұлғалар бұл шектеуді айналып өту үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізуді ұйымдастырған.

Нәтижесінде жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын жер телімі мен мүлік жалған тұлғалардың атына қайта рәсімделіп, кейін оны сату жоспарланған.

Сот үкімімен аталған әрекеттерге қатысы бар тұлғалар 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. Заңсыз рәсімделген барлық мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

FlyArystan ұшағы Шымкентте итті қағып кетті

FlyArystan

Депутат такси жүргізушілері мен курьерлерге сағаттық төлем енгізуді ұсынды

Яндекс такси

Павлодарда оқ жарақатын алған әскери қызметшінің қазіргі жағдайы мәлім болды

Жансақтау бөлімі

Екібастұзда мас күйдегі ер адамдар дәрігер мен медбикені соққыға жықты

Медицина қызметкерін ұрған