USD
USD
USD

Қосымша құн салығы бойынша тіркеу сомасы мен шегі анықталды

2025 жылдың 20 ақпанында Үкімет Мәжілістің қарауына Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға және салық жүйесін реформалауға байланысты жаңа ұсыныстар енгізді.

Қаржы есеп
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Онда қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20000 АЕК-тен (78,6 млн теңге) 3800 АЕК-ке (15 млн теңге) дейін төмендету, жекелеген салалар үшін ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін арттыру туралы ұсыныс болды. Дегенмен, жоба бойынша жұмыс барысында депутаттар қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін кем дегенде екі есеге арттыруды ұсынды.

Нәтижесінде Үкімет депутаттардың ұсынысын қабылдап, жаңа Салық кодексінің жобасында ҚҚС шегі 40 млн теңге деп белгіленді.

Мәжіліс депутаттары жұмыс тобы отырыстарында 800-ден астам түзету енгізді, оның ішінде:

– екінші деңгейлі банктер мен ойын бизнесі үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесін 25 пайызға арттыру;

– әлеуметтік саладағы (білім, медицина, ғылым, спорт, мәдениет, кітапханалар) бизнес субъектілері үшін корпоративті салық және қосылған құн салығы бойынша қолданыстағы жеңілдіктерді сақтау және басқалар.

Қазір оқып жатыр

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Алматы әуежайы

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша