USD
USD
USD

Көшпенділер ойынында отандық балуандар қазақ күресінен басым түсті

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақстандық спортшылар қазақ күресінен 6 медальға қол жеткізді, деп хабарлады ұлттық спорт федерациясы.

Көшпенділер ойынында отандық балуандар қазақ күресінен басым түсті
Фото: NEGE.kz

Балуандар қазақ күресінен 6 салмақ дәрежесі бойынша ел намысын қорғады. Додада қазақ күресінің 6 балуаны да жүлделі орыннан көрінді. Марат Нығматуллаев (60 келі) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын салды.

Ұлттық құрама сапында "Қазақстан Барысы" Мақсат Исағабылов, Әлем кубогінің жеңімпазы Еламан Қойшыбаев, әлем чемпионы Марат Нығматуллаев және бұрымды балуандар Рауза Нұрмұхамметова, Зарина Сарипова, Мөлдір Азамат келген болатын.

Көшпенділердің халықаралық жарысына әлемнің 19 елінен 61 спортшы келген, оның ішінде 19 бұрымды балуан бар.

Бұрымды балуандардан Сарипова Зарина (65 келі) ел қоржынына екінші алтынды салды.

Қойшыбаев Еламан (80 келі) мен Нұрмұхамметова Рауза (55 келі) күміс жүлдеге ие болды.

"Қазақстан Барысы" - Мақсат Исағабылов (+80 келі) пен Мөлдір Азамат (+65 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев