USD
USD
USD

Көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 8:1 есебімен жеңді

Түркияның Изник ​​қаласында өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бірінші жарыс күні аяқталды. Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасын 8:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. 

Көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 8:1 есебімен жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көкпардан Қазақстан құрамасының қоржынына нәтижелі "салым" түсті. Оның ішінде Құрманбек Тұрғанбек үш рет, Абылайхан Нышанбеков, Арман Жамалбеков, Ынтымақ Әліпбаев, Ислам Рат және Айнабек Бердіқұл бір-бірден салды.

Қазақ көкпаршылары арасындағы келесі текетірес Моңғолия өкілдерімен өтеді.

Дәстүрлі садақ атудан Қасымхан Қанат, Әли Сессигүзел және Азамат Нұртаев жартылай финалға шықты. Әйелдер арасындағы үздік 16 мергеннің қатарына Айым Тілепберген мен Аяулым Аппазова кірді.

Қазір оқып жатыр

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы