USD
USD
USD

Көшкіннен қаза болған барлық адамның денесі табылды

Алматыдағы лай көшкіні кезінде үйінді астында қалған 3 адамның да денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Көшкін
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Үйінді астынан 4 адамның денесін алып шықтық, - деді құтқарушы.

Құтқарушылар оқиға орнынан 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған тағы бір жас жігіттің мәйітін тауып, шығарды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлы болған.

Апат болған жерді лайдан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда көшкін жүргені туралы жазған болатынбыз. ТЖМ шұғыл мәлімдеме жасап, соған байланысты Алматы қаласының әкімі шұғыл көшпелі кеңес өткізген еді. Бірер сағат бұрын лай көшкіннің астынан 2007 жылы туылған жас жігіттің денесі табылған еді. Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай көшкіннің бірнеше себебін айтқан болатын, сондай-ақ тұрғындар бұл апатқа құрылыс компанияларын кінәлаған болатын. Сонымен қатар, құтқарушылар жұмыс барысы неге баяу жүріп жатқанын айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік