Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Көші-қон және Әкімшілік полиция комитеттері таратылады

Ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция мен Көші-қон қызметі комитеті таратылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көші-қон және Әкімшілік полиция комитеттері таратылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Әкімшілік полиция комитеті мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Көші-қон қызметі комитеті мемлекеттік мекемесі таратылсын. Бұл ҚР Президентінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі Ішкі істер министрлігінде басқа құқық қорғау органдарымен (БП, СЖҚІА, ҰҚК) ұқсастығы бойынша қызмет құру туралы тапсырмасын орындау аясында ұсынылып отыр. Жобаны қабылдау құқық қорғау қызметін өткеруді ұйымдастыру тәсілдерінің бірлігі қағидатын іске асыруға, қызметкерлерді басқа құқық қорғау органдарымен ұқсастығы бойынша әлеуметтік және материалдық қамтамасыз етуді біріздендіруге, дербестікті қамтамасыз ете отырып, шешімдер қабылдау кезінде олардың басшыларының жауапкершілік деңгейін арттыра отырып, ІІМ-нің қайта құрылған бөлімшелерінің жұмысын қайта құруға, осы лауазымдарды тәжірибесі мол білікті кадрлармен алмастыру үшін тартуға мүмкіндік береді", - делінген құжатта.

Қаулыда көрсетілгендей, бұл істі жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржат талап етілмейді. Комитет төрағалары мен олардың орынбасарларының еңбекақы мөлшері мен арнаулы атақтары өзгеріссіз қалады

Құжатты ашық талқылау 19 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар