USD
USD
USD

Көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды

Көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күні ішінде ізін суытпай 11 қылмыс ашылды. Сондай-ақ мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 40 ұсақ бұзақылық фактісі, 200 қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу дерегі, 51 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны анықталды.

Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады. Оның айтуынша, Орал станциясындағы көлік полицейлері Шри-Ланка Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін тіркеді. Олар визада көрсетілген мерзімде ел аумағынан шығудан жалтарған.

«Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге Қазақстан аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, шекарадан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды», – деді М.Айтуғанов.

Айта кетейік, Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың 9-11 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері