USD
USD
USD

Көшеде шалбарын шешкен павлодарлық жауапқа тартылды

Көшеде шалбарын шешкен павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көшеде шалбарын шешкен павлодарлық жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері тұрақты негізде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Мәселен, павлодарлық “zhaloby_pavlodar” Telegram-арнасында өзін әдепсіз ұстаған ер адамның бейнежазбасы жарияланды. Бұл бейнежазбаға полиция жедел жауап берді, ауыл тұрғыны ұсталды. Осыдан кейін Кенжекөл ауылының 34 жастағы тұрғынынан көршісіне шара қолдану туралы өтініш келіп түсті.

– 24 тамызда учаскелік полиция пунктіне көршісіне шағымданған әйел жүгінді. Оның айтуынша, оның балаларына көршісі ұрысып, өзінің шалбарын түсіргенін айтты. Ауыл тұрғыны мас күйдегі көршісіне ескерту жасады. Соңғысы ескертулерге теріс жауап беріп, тағы шалбарын шешкен, – деді Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов.

57 жастағы көршісіне қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 25 тамызда сот қаулысымен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Полиция биылы жылы облыс бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1433 бұзушы жазаланғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры