USD
USD
USD

Көшеде есірткі алып бара жатқан адам ұсталды

 Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері иісшіл иттің көмегімен нашақор мен суық қарумен жүрген ер адамды ұстады.

Көшеде есірткі алып бара жатқан адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтановтың айтуынша, оқиға 14 тамыз күні кешкісін болған. Сағат 18.45 шамасында құрамында кіші сержант Қажымұқан Мұңайтпашев, қатардағы жауынгерлер Қайрат Сүйеншиев, Бекзат Жұбанышпаев және кинолог, кіші сержант Ерғали Ернар бар топ Жамбыл көшесінде жүрген күдікті адамдарды байқайды. Сақшыларды көрген олардың бірі белгісіз затты лақтырып жібереді. «Ремми» есімді иісшіл иттің көмегімен сол маңды қараған жауынгерлер қолдан жасалған пышақты тауып алды. Суық қару Орал қаласының 49 жастағы тұрғынына тиесілі болып шықты. Сол күні сағат 21.00 шамасында Балашов көшесі бойындағы гараждар жанында ер адам жауынгерлерді көріп, белгісіз затты бұталардың арасына лақтырады. Санаулы минуттар ішінде тағы да «Реммидің» көмегімен қағазға оралған марихуана табылды. Екі құқық бұзушы да одан әрі тексеру үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қырағылығы мен кәсіби іс-қимылдары үшін аталған топ 5517-әскери бөлім командирімен ынталандырылды. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай