USD
USD
USD

Көше кезген елік

Семей қаласында көше кезіп жүрген елік биологиялық орталыққа жеткізілді.

Көше кезген елік
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 тамыз күні Қозыбағаров көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің арасында елік жүргені жайлы хабар түскен. Бірден сол жерге учаскелік полиция қызметкерлері, орманшылар және табиғат қорғау полицейлері аттанған.

«Олар көп ұзамай көше кезген елікті қолға түсірді. Жабайы аң жараланып қалмас үшін оны көрпеге орап биологиялық орталыққа жеткізді», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Қазіргі уақытта мамандар түз тағысының жағдайын бақылауда. 10 күннен кейін елік еркіндікке қайта жіберілуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушыға іздеу жарияланды

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай

БҚО-да 28 млн текше метр су жинайтын жаңа су қоймасы салынады

су қоймасы