USD
USD
USD

Косарев: Қазақстанда кез келген кәсіпорынның «крышасы» бар

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев Қазақстандағы кәсіпорындардың бүгінгі ахуалы туралы өз ойын айтты. 

Косарев: Қазақстанда кез келген кәсіпорынның «крышасы» бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәжілісте тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері бойынша түзетулерді талқылау кезінде депутат Косарев Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтан жетістіктерге босқа қуана бермеуді сұрады. 

«Біздің еліміздің әрбір бұрышы бақылауға алынған және әрбір кәсіпорынның өз «крышасы» бар. Мен жақында ауылда болдым. Ірі шаруашылықтың иесі маған: «Міне, депутат, мен бүгін  470-500 келі салмақтағы 400 бұқаны союға дайынмын. Мен оны ет комбинатына өткізе алмаймын, өйткені ет комбинаты тікелей менен қабылдамайды. Оны алдымен ет комбинаты директорының інісі сатып алады, сосын алып кетеді», - деді. Бұл не деген бассыздық? Елімізде көзге көрініп тұрған ірі мәселелер жетерлік, ал сіздер оны мүлдем байқамайсыздар. Сіздер мемелекеттік орган емессіздер ме? Халықтың алдындағы жауапкершіліктеріңіз, қоғамдық ұйымға қарағанда жоғары», - деді мәжіліс депутаты. 

Депутат бұл мәселенің әлі де шешімін таппағанына қапалы. 

Вице-министр Қайрат Төребаев Владислав Косаревті тұтынушылар құқығын қорғау туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының аясында аталған мәселені бірлесіп пысықтауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай