USD
USD
USD

Қос банкті қан-қақсатқан қарулы топ ұсталды

Медициналық бетпердені жұрт сақтық үшін тақса, бұлар бет-жүздерін жасыру үшін әрі күдік тудырмас үшін пайдаланған. 2019 жылдың қыркүйек айынан бері бес мәрте жорыққа шығып, миллиондаған қаржыны қолды еткен.

Қос банкті қан-қақсатқан қарулы топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыскерлердің қолға түскенін бүгін  Бішкек  ҚІІБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап akipress.org хабарлады.

Олар алғаш 2019 жылдың 9 қыркүйегі күні Бішкектің Киевской көшесіндегі «Престиж» ақша айырбастау бюросына шабуыл жасаған. Тапаншамен қаруланған екі адам күзетшіні ұрып-соғып, 70 мың сомды қолды еткен.

Келесі қылмыстық оқиға 7 қарашада болды. Бұл жолы олар жиһаз дүкенін тонаған. Беттерін мойынорағышпен бүркеген белгісіз екі адам дүкен әкімшісі мен менеджерін соққыға жығады. Тоналған қаржы – 60 мың сом.

Осыдан кейін олар тым еркінсіген сыңайлы. 26 қарашаға қараған түні медициналық бетпердемен тұмшалаған екеу «ЭкоИсламикБанктың» филиалына басып кіріп, күзетшіні байлап тастаған. Әрі табельді тапаншасын тартып алып, өз қаруымен өзін қорқытқан. Бұл жолы олар 1 млн 536 мың сомды үптеді. Белгісіз қос қарақшы осыдан кейін үнсіз қалған.

Алайда қылмыс 2020 жылы қайта жалғасты. 19 қаңтар күні «Сенсон Гранд» ақша айырбастау бюросына жасалған қарулы шабуылдан 3 млн 784 мың сом қолды болды. Милиция қылмыс орнына жеткенше, қарақшылар із суытты.

Ал жуырда ғана, 12 маусым күні дәл осындай оқиға қайталанған еді. «Керемет» банкі 1 млн 120 мың сомынан айырылды. Мұның сыртында қылмыскерлер банк күзетшісі мен касса қызметкерін аяусыз ұрып-соққан екен.   

Бішкек қаласының банктері мен қаржы орталықтарын үрейде ұстаған қос қарақшының бірі 1975 жылы, екіншісі 1983 жылы туған. Оларды ұстауға Бішкек милициясымен, Қырғызстан ІІМ-нің арнайы жасағы да қатысты. Әзірге қылмыскерлерден «Макаров» және «ПМ» тапаншасы, «Тойота Лэнд Крузер 200» көлігі тәркіленді. Милиция қарақшылардың өзге де қылмыстарға қатысы болуы мүмкін деп болжайды.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

.

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

Сергей Филь

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Баспана

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

Астана