USD
USD
USD

Қос азаматтығы бар ресейлік үш әйелге 1,3 млн теңге айыппұл салынды

Үш ресейлік әйелге қос азаматтығы үшін 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қос азаматтығы бар ресейлік үш әйелге 1,3 млн теңге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды – Сұрыптау әуежайындағы желілік полиция бөлімі көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері қала әуежайында профилактикалық іс-шаралар жүргізу кезінде, ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметімен бірлесе отырып, 26, 45 және 51 жастағы әйелдерді анықтап, ұстады.

Мадияр Айтуғановтың айтуынша, тексеру кезінде ұсталғандардың (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының) қос азаматтығы бар екендігі анықталды. Көлік полицейлерімен құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Қарағанды қаласы Қазбек би аудандық сотының шешімімен РФ-ның азаматшалары әрқайсына 429 мың теңгеге жуық сома көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды, – деді М.Айтуғанов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 20-28 ақпан күндері аралығында Көліктегі ПД-нің қызмет көрсету аумағында “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған ЖПІШ барысында көлік полицейлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы бойынша ( Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу) тәртібін бұзған 29 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сот қаулысымен 4 шетелдік елден тыс шығарылды.

Қазір оқып жатыр

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей