USD
USD
USD

Көршісінің үйінен теледидар ұрлаған астаналық ұсталды

Астана қаласының тәртіп сақшылары жеке үйден плазмалық теледидар ұрлаған күдіктіні тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Теледидар
Фото: duetdom.ru

Алматы, NEGE. Жедел іздестіру шаралары барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын ұрлық қылмысына күдікті деп анықтады.

Көршілерінің қалада жоқтығын білген ер адам қылмыстық ниетті жүзеге асыруға шыққан. Түнде шабуылдаушы терезені сындырып, ішке кіріп кеткен. Сөйтіп үйден құны 190 мың теңге тұратын Fion теледидарын алып кеткен. Ол ұрланған заттарды өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген.

Ер адам кінәсін мойындады, оның бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта ол полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға мұқият әрі қырағы болуды ұсынады. Күзет дабылын орнату – үйіңізді заңсыз кіруден қорғаудың сенімді жолы екенін еске салады.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.