USD
USD
USD

Көршісінің мотоциклін ұрлап кеткен астаналық ер адам ұсталды

Астана полицейлері көрші ауладан мотоциклді ұрлап кеткен елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Алматы аудандық полиция басқармасына қаланың 18 жастағы тұрғыны жүгініп, 700 мың теңге тұратын Racer -250 мотоциклінің ұрланғанын айтып арызданған. Ол қыркүйек айынан бастап мотоцикл Тәуелсіздік даңғылындағы үйдің ауласында тұрғанын хабарлаған.

Жас жігіт екі дөңгелекті көлігінің ұрланғанын ағымдағы жылдың ақпан айында ғана көрген, содан кейін полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрлыққа қатысы бар 45 жастағы ер адамды ұстады.

Ұрланған мотоцикл тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Сонымен қатар, ер адамның ұялы телефон ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама