USD
USD
USD

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

BikaBreezy лақап атымен танымал қазақстандық әнші Биназир Ермағанбетова көршісіне дене жарақатын салды деген іс бойынша ақталып шықты.

Bikabreezy
Фото: Bikabreezy-дің әлеуметтік желі парақшасынан

Астана, NEGE. Оқиға 2025 жылдың қаңтарында тұрғын үйдің ауласында болған. Биназир Ермағанбетованың айтуынша, көршісі оның күртесінен ұстап, кейін жұдырық жұмсаған. Осыдан кейін әнші полицияға жүгінген.

Алғашқы іс бойынша сот ер адамды кінәлі деп танып, оған айыппұл салды. Алайда бірнеше аптадан кейін көршісі сот-медициналық сараптамадан өтіп, жарақаттарына қатысты құжаттарды жинап, Биназир Ермағанбетованың үстінен арыз түсірген.

Айыптау актісінде әншінің көршісіне зиян келтіру ниеті болғаны көрсетілген. BikaBreezy бұл тұжырыммен келіспей, оқиға кезінде өзін қорғағанын айтты.

«Маған көршіме шабуыл жасамағанымды, керісінше одан қорғанғанымды дәлелдеуге тура келді. Істе куәгерлердің айғақтары, медициналық құжаттар және алғашқы сот талқылауының материалдары болды. Сол алғашқы іс бойынша кінәлі деп танылған адам – көршімнің өзі», – деді әнші.

Әншінің айтуынша, сот отырыстарының біріне көршісі мойнына фиксатор тағып, онлайн форматта қатысқан. Ол алған жарақаттарын BikaBreezy келтірді деп айыптаған.

Алайда сот Биназир Ермағанбетованы кінәлі деп тануға негіз жоқ деп тауып, әншіні ақтады. 

Қазір оқып жатыр

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог