USD
USD
USD

Көршісін ажалдан құтқарып қалды

Павлодар облысында ер адам отқа оранған үйден көршісін алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көршісін ажалдан құтқарып қалды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE.  Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен адамды Успен аудандық ауруханасына жеңіл дәрежедегі жану өнімдерімен улану диагнозымен жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Павлодар облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 01 сағат 10 минутта Успен ауданының №17 өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Успен ауылының Милевск көшесіндегі тұрғын үйдің жанғаны туралы телефон хабарламасы түскен.

- Шақыру орнына келгеннен кейін жеке тұрған екі бөлмелі саманнан жасалған үйде жиһаз, үй заттары, ағаш терезелер, есіктер және жалпы 40 шаршы метрде жартылай ағаш шатыр құрылымдары жанып жатқаны анықталды. Көршісі ҚАЖД пробация қызметінің инспекторы Төлеген Нұржан үй иесін 1966 жылы туған ер адамды далаға шығарып үлгерген. Ол мас болған, - дейді департамент қызметкері.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің өрт сөндіруші азаматтық қорғау кіші сержанты Расул Қазбеков үйден сыйымдылығы 27 л бір газ баллонын алып шыққан. Тілсіз жау 02 сағат 48 минутта ауыздықталды. Оқиға орнында жеке құрамнан 4 адам және 2 техника жұмыс істеді. Өрттің шығуына мас күйінде төсекте темекі шегу себеп болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы

«Самұрық-Қазына» ісі «Қазатомөнеркәсіпке» жетті: ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерін ұстады

Қуаныш Омарбеков

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс