USD
USD
USD

Көрші елдерге бензин жөнелту ішкі нарықтағы бағаға қаншалықты әсер етеді?

Энергетика вице-министрі Қайыржан Тұтқышбаев Ресей Федерациясы тарапынан бензин жеткізу жөнінде әлі де ресми сұраныс келмегенін, Қырғызстан Қазақстаннан бензин сұрап, ресми өтініш жолдағанын мәлімдеді.

бензин бағасы
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Министрлік өкілі қазіргі уақытта Қырғызстанға бензин жөнелту мәселесі қарастырылып жатқанын, көрші елге бензин жіберу ішкі нарықта жанар-жағармай бағасының өсуіне әсер етпейтінін айтты.

«Барлық шешім ұлттық мүдделерді ескере отырып, ішкі нарықтағы баланс негізінде қабылданады. Қандай да бір сұраулар біздің жанар-жағармай бағасының кенеттен өсуіне жол бермейді. Сол себептен Қырғызстан тарапынан келген сұранысты жан-жақты қарастырып, жақын арада жауап береміз», – деді вице-министр брифингте. 

Еске салсақ, бұған дейін Ресей тарапы елдегі бензин тапшылығын азайту үшін Қазақстаннан шамамен 50 мың тонна АИ-92 бензинін импорттау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шыққан еді. Билік өкілдері әлі ресми сұрау түспегенін алға тартқанымен, сала мамандары шілде-тамыз айларында Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін екенін айтқан. Олардың мәлімдеуінше, жанармай ‌Павлодар мұнай-химия зауыты мен «Конденсат» АҚ мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілуі мүмкін.

Украинаның Ресей мұнай базаларына жасаған соққылары жанар-жағармайдың 90 пайызын осы елден жеткізетін Қырғызстан нарығына да әсер етуі мүмкін. Бұл ретте Қырғызстан бензин тапшылығының алдын алу үшін Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан және Түркіменстаннан жанармай сұраған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы