USD
USD
USD

Көрпе тігіп баюға бола ма?

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарға аз салыммен қандай бизнеспен айналысу керегін айтты. Күнделікті өмірде қолданатын көрпе тігіп, сату арқылы мол табысқа кенелуге болатынын жеткізді.

Көрпе тігіп баюға бола ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қазіргі таңда микро-шағын және орта бизеспен айналысқан тиімді. 

"Жұмыс істеу үшін мүмкіндік көп. Біз бұл бағытты дамытамыз, өйткені ол ішкі және сыртқы нарықта да конъюнктураға тез бейімделе алады. Көрші Ресей, Өзбекстанмен салыстырғанда біздің ішкі нарық шағын болғанымен, бұл жерде көптеген мүмкіндік бар. Алғашында күрделі процестерді талап етпейтін азық-түлік өнімдері, өнеркәсіптік өндіріс өнімдері бірінші кезекте тұр. Мысалы, қолмен жасауға болатын ойыншықтар. Мен шағын кәсіпорындарға осы істі игеруге кеңес берер едім. Сондай-ақ, өте маңызды бағыт – туризм", – деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, болашағы бар кәсіп түрі – тері мен жүннен жасалған өнімдер шығаратын шеберханалар. 

"Нұр-Сұлтан әкімі болғанымда өте қызық бағыттарды дамытумен айналыстық. Қазақтың қоспа, көрпесі Лондон базарларында бірнеше мың фунтқа (1 доллар - шамамен 0,77 фунт) сатылуы мүмкін екен. Бұл үй шаруасындағы әйелдер жасай алатын жұмыс", – деді министр нарықтағы бос орындар туралы сұраққа жауап бергенде. 

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.