USD
USD
USD

Короновирустан 8 адам көз жұмды

Қытайда коронавирусты жұқтырған тағы 259 адам анықталды, деп хабарлайды Қытайдың Орталық телеарнасына (CCTV) сілтеме жасап.

Короновирустан 8 адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. CCTV мәліметі бойынша, соңғы тәулікте 27 провинцияда (аудан, қалалар) 259 адам вирус жұқтырып, 8 адам қайтты.

«23 қаңтар сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, 29 провинцияда (аудан, қалалар) жаңа коронавирусты барлығы 830 адам жұқтырғаны расталып, өліммен аяқталған 25 оқиға тіркелді», – делінген Қытайдың Денсаулық сақтау және гигиена бойынша ұлттық комиссиясының хабарламасында.

Жаңа коронавирусқа Гонконгта – 2, Макаода – 2 және Тайваньда 1 адам шалдыққаны зертханалық жағдайда расталды.

Сонымен қатар, Таиланд (3), Жапония (1), Оңтүстік Корея (1), АҚШ (1), Вьетнам (2) және Сингапурде (1) инфекцияны жұқтырған тоғыз науқас тіркелді. Сырқаттармен байланыста болған барлығы 9507 адам оқшауландырылды: олардың 1087-і ауруханадан шығарылды, ал 8420-ы әлі де карантинде.


 

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі