USD
USD
USD

Коронавирус Қытайды қораға кіргізді

Бір вирус Қытайды тізерлетуі мүмкін. Дүйсенбі биржалардың құлауымен басталды. Шанхай Композит индексі 8 пайызға төмендеген. Биржа 370 млрд доллар жоғалтты.

Коронавирус Қытайды қораға кіргізді
Фото: NEGE.kz

Reuters есебі бойынша юань саудасының төмендеуі рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Шанхайда сатылатын темір, мұнай және мыс көлемі қысқарды. Ал биржадағы инвесторлар үрейін сейілту үшін бүгін Қытайдың Орталық банкі кері репо операциялары арқылы нарыққа 1,2 триллион юань құюға мәжбүр болды. Долларға шаққанда ол 174 миллиардты құрайды.

Бейжің сонымен қатар өмірлік маңызды тауарлар өндіретін фирмаларға жұмысты тезірек бастауға көмектеседі деп мәлімдеді CCTV мемлекеттік телерадиокорпорациясы. Қытайдағы мұнай өндейтін алпауыт Sinopec Corp зауыты осы айда мұнай өндеуді күніне 600 мың баррельге қысқартатынын мәлімдеген. Сарапшылардың ойынша, бұл Қазақстан да кері әсерін тигізеді. Sinopecтен келіп жатқан жаңалықтар мұнай бағасының құлдырауына әкелуі мүмкін. Қытайда жұмысшылар өз қызметіне 13 ақпаннан кейін бірақ оралуды жоспарлап отыр. Бұл тұралаған экономикаға ауыр салмақ түсірмек. Әлемдегі ірі елдермен әуе қатынасының тоқтауы іскерлік байланысқа соққы болып тиді. Жоспарланған көптеген келісім-шарттарға қол қою тоқтатылып отыр. Енді Қытай экономикасының қашан қалыпқа келері беймәлім. Тіпті, Қытайдан басталған құлдыраудың кезекті әлемдік дағдарысқа ұласу мүмкіндігі де сөз бола бастады.  

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы