USD
USD
USD

Коронавурис қанша уақыт өмір сүреді?

Коронавирустың жаңа түрі қолайлы ортада 5 күнге дейін өмір сүре алады. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің инфекциялық аурулар жөніндегі сарапшылар кеңесінің мүшесі Цзян Ронгмен мәлімдеді.

Коронавурис қанша уақыт өмір сүреді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE «Біріншіден, вирус жөтелгенде  немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы беріледі. 1-2 метр қашықтықтан таралу мүмкіндігі жоғары. Адам  ағзасына тез қонады, бірақ ауада қалып қоймайды» деді сарапшы журналистерге арналған баспасөз конференциясында.

Тағы бір атап өтер жайт, түшкіру кезінде адамның тыныс мүшелері арқылы тараған вирус қоршаған ортадағы заттарға түссе, сонда сақталып қалуы ықтимал. Мәселен есік тұтқалары мен лифтінің түймелерінде. Мұндай жағдайда, оның келесі адамға жұғу қаупі өте жоғары.

«Зерттеулер көрсеткендей, вирус беті тегіс заттарда бірнеше сағат бойы тіршілік ете береді. Ал қолайлы ылғалдылық пен ыңғайлы температурада бірнеше күн бойы өмір сүре алады. Мысалы, 40% ылғалдылық пен 20 градус температурасы бар ортада жаңа коронавирус бес күнге дейін сақталады», - деді Цзян Ронгмен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Тоқаев: Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы

.

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

.

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.