Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеп келеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, әлемде (Таяу Шығыс мемлекеттерінен басқа) коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдегені байқалған.

Коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеп келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, әлемде COVID-19 жаңа жағдайларының саны 16% - 2,7 миллионға дейін төмендеген. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомсвоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалымдардың пікірінше, қаңтар айының басында вирус жұқтырушылар саны 5 миллионнан асқаннан кейін, бесінші апта қатарынан індет қарқынының төмендегені байқалған. Сонымен қатар коронавирустан қайтыс болғандар саны да азаюда.

Американдық The New York Times басылымы әлемде және АҚШ-та індет деңгейінің төмендеуінің басты себебі қазіргі кезде адамдардың едәуір бөлігі вирусқа қарсы иммунитетке ие болған деп есептейді.⠀

Аталған жағдайға қарамастан, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері әлем халқын қырағы болуға шақырады – ешкім COVID-19-дың тұрақты төмендеуіне кепілдік бере алмайды. Сонымен қатар, коронавируспен ауырған кейбір адамдар, індеттің жаңа нұсқаларының бірін қайта жұқтыру ықтималдылығы бар.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел